6 мамырға арналған ауа райы болжамы
6 мамырға арналған ауа райы болжамы
107
оқылды

Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыста да жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Тек батыс пен шығыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей өңірлерде жел күшейіп, солтүстікте тұман, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста қатты дауыл күтіледі. Бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл облысында қатты дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда, түнде Маңғыстау, Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі. Алматы облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай, күндіз Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.