Шекаралық қақтығыс кезінде 12 жастағы оқушы көз жұмды
Шекаралық қақтығыс кезінде 12 жастағы оқушы көз жұмды
5,124
оқылды
«Настоящее время» телеарнасында 12 жастағы оқушы Мадина Рахматжанованың Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан шекаралық қақтығысы кезінде көз жұмғаны туралы айтылды. Қыз Қырғыз Республикасының Интернационал ауылына оқ атқан кезде көз жұмған. Мадинаның үйі Тәжікстанмен тікелей шекарада орналасқан. Ауласы екі елді бөлетін арнаға қарайды. Бейбіт уақытта балалар осы жерде серуендеп, ойнайды. Таңертең атыс басталғанға дейін де солай болған еді. Оқушы қыз анасымен және сіңлісімен бірге үй ауласында жүрген. Олар минометпен атқан уақытта қашқан. "Жағдай үшеуі жүгіріп жүрген кезде болды. Үшеуі де жарақат алды, анасы да, екі қызы да жарақат алды", – дейді ауыл тұрғыны Әбдірахман Эшімбетов. Қансыраған мектеп оқушысының анасы Нарбуу Хамдова жалаң аяқ жүгірген. Қасында тек кіші қызы тек Нурдиана болған, Мадинадан айырылып қалған. Атыс жалғасып жатқан кезде Нарбуу кіші қызымен бірге сол көшеде тұратын көршісі Алик Сатыбалдиевке көмек сұрап жүгірген.
«Ол жылап, айқайлап, Мадинаны таппай жатты. Мен жүгіріп барып жарақатты таңатын нәрсе алып келдім. Сол кезде қасымызда жарылыс болды», – деп еске алады Алик Сатыбалдиев.
Ер адам осыған қарамастан адамдарды көмекке шақырған. Нарбууды қызымен бірге ауруханаға  алып кеткен. Ал Мадинаны ауылдастары басқа көлікке мінгізген. Өкінішке қарай, қыз ауруханаға жетпей, жолда көз жұмған.