Локдаун күшейтіледі
Локдаун күшейтіледі
135
оқылды
Түркияда 7 мамырдан бастап коронавирус жағдайына байланысты локдаун қатаңдатылады. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды  Lenta.ru .
"7 мамырдан бастап дүкендерде, соның ішінде желілік супермаркеттерде тек негізгі азық-түлік, гигиена құралдары, жануарларға арналған тамақ және косметикалық құралдар (парфюмерия мен макияжға арналған құралдардан басқа) сатуға рұқсат етіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Елде алкоголь, электроника, ойыншықтар, канцелярия және киім сатуға тыйым салынбақ.