Жігіттер қандай сыйлық алғысы келеді?
Жігіттер қандай сыйлық алғысы келеді?
886
оқылды

7-мамыр – Отан қорғаушылар күні. Бұл күні қыз-келіншектер ер азаматтарды мерекесімен құттықтап, сыйлық тарту етіп жатады. Әрине, әр мереке сайын өзгеше сыйлық беруге тырысып-ақ жатады. Бірақ сыйлық таңдауда нәзік жандылар әдетінен танған емес. Ендеше, арулар жігіттерге әдетте қандай сыйлық сыйлайтынын анықтап көрейік.

Нәзік жандылар үшін таңдауда сыйлықтың түр-түрі бар. Ең оңайы гүл десек, одан ары әтір, тәтті шоколад, орамал, жұмсақ ойыншық, түрлі косметика мен әшекей бұйымдар.  Соңғы кезде қандай да бір сауда үйінің сертификатын сыйға тарту әдетке айналған. Таңдау өте көп, бастысы сүйіктіңіздің талғамына сай келетін сыйлық болса болғаны. Ал, ер адамдарға сыйлық сыйлауға қыздар қауымы қатты қиналады. Басты проблема оның талғамынан шығудан бұрын, қандай сыйлық  сыйлау керек екенін білмей жатады. Себебі, оларға келгенде таңдау аз. [caption id="attachment_134771" align="alignnone" width="1024"]жігіт ©pdpd.kz[/caption] Бірінші сыйлық, әрине, сертификат. Оның талғамына келу-келмеуіне ешкім бас ауыртпайды. Екіншіден, ер-азаматтың өз қалағанын таңдап алуына мүмкіндік болады. [caption id="attachment_134772" align="alignnone" width="1024"]жігіт ©zen.yandex.ru[/caption] Мультитул – бір сыйлықта бірнеше зат: пышақ, бұрауыш, қысқыш, іскек, ашқыш және бұранда. Ер адам үшін артық болмайтын сыйлықтың бірі. [caption id="attachment_134773" align="alignnone" width="1000"]жігіт ©pinterest.ru[/caption] Үшінші орында – термокружка. Автокөлігі бар жігітке ыстық шәй мен кофе өзімен алуына өте ыңғайлы. [caption id="attachment_134776" align="alignnone" width="1009"]жігіт ©vsadu.ru[/caption] Сонымен қатар көбіне жігіттерге ұялы телефонды қуаттағыш қалта батареясы, сымсыз құлаққап, кішкентай динамик, қалам, жол сөмкесі, портмоне сыйлап жатады. Не болмаса көкке шығуға арналған арнайы жиынтық та жақсы сыйлық болып есептеледі. [caption id="attachment_134778" align="alignnone" width="1034"]жігіт ©lifehacker.ru[/caption] Енді бірі сыйлық жасайтын ер-азаматтың талғамын біліп жатса, ән жинағы мен кітап тарту етеді.