Елжан Біртанов тергеу органдары өзіне әлі айып тақпағанын айтты
Елжан Біртанов тергеу органдары өзіне әлі айып тақпағанын айтты
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сотта тергеу органдары өзіне әлі айып тақпағанын айтты. Ол кеше бірқатар бұқаралық ақпарат құралы прокурордың айып таққаны туралы қате немесе әдейі жазылған ақпарат таратқанына да тоқталды.
«Сотқа қатысқан БАҚ өкілдеріне маған әлі айып тағылмағанын, тергеу әлі жүріп жатқанын хабарлағым келеді. Бүгінгі таңда күдіктің негізділігі мен күдікті ретінде менің құқығымды шектеу туралы мәселе ғана қаралып жатыр. Арызды зерделеп, ұрлық пен жымқыру күдіктерінің заңдылығы мен негізділігін растайтын сенімді деректер жоқ екенін айтқым келеді. Себебі ұрлық жасалған жоқ. Мен Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарғанда осы істе де, басқаларында да қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа қатысым жоқ екенін тағы да жария түрде мәлімдеймін», – деді Біртанов.