Еліміздің ер азаматтары қашан да ел тыныштығын күзететіні белгілі. Соған орай, жылдан жылға қаншама сарбаз азаматтық парызын өтеп келеді. Сондықтан әскерде болу, әскери өмірдің қыр-сырын тану, кез келген ер жігіт басынан өткеруі тиіс борышы. Соның арасында бүгінде есімі ел аузында жүрген өнер, мәдениет, спорт саласы жұлдыздарының қайсысы әскерге барғанын анықтадық.
[caption id="attachment_134867" align="alignnone" > ©ztb.kz[/caption] Ал атақты продюсер Қыдырәлі Болманов КСРО-ның жалғыз арнайы батальонында қызмет етіп, жақсы әскери дайындықтан өтіпті. Бір сұхбатында «әскерде жүргенде өзіңді қорғау үшін талай төбелестік» деген. Өзі әскерде жүрсе де шығармашылықпен айналысуын тоқтатпаған. Әскери концерттерде ән айтып, домбыра тартқан. Бірде сарбаздар арасында өткен суретшілер байқауына қатысып, жеңізпаз атанған. Сол кезден бастап оған жергілікті клубтың кілті сеніп тапсырылыпты. Әнші Нұрлан Абдуллин әскерде ең мықты радиотелеграф операторларының бірі болыпты. Ол азаматтық парызын Кеңес армиясы қатарында, әуе қорғанысы күштерінде атқарған. Композитор Лұқпан Жолдасов болса, әскердің заңына бағынғанын айтты. [caption id="attachment_134872" align="alignnone" > ©ztb.kz[/caption]– Әскер қатарында жүріп те ән айтып жүрдім. Сол кезде «Нұрсат» деген музыкалық топтың құрамында болдым. Тіпті әскердегі соңғы жарты жылым гастрөлдік сапармен өтті. Ең қызығы, студенттік жылдары Президенттік қауіпсіздік қызметіне барғым келген. Сол кезден-ақ Отан алдындағы парызымды өтемек болғам, – деді әнші Айбек Жансейітов.
[caption id="attachment_134873" align="alignnone" > ©sports.kz[/caption] Боксшы Марат Мәзімбаев әскери борышын Алматыда өтеген екен. Оның сөзінше, әскердің арқасында дос-жаран тапқан. «Әскердің арқасында дос таптым. Әрбір ер азаматтың туған елі алдында бас тартуға болмайтын абыройлы міндеті бар. Ол – Отан қорғау. Елім, жерім алдындағы парызымды 1995 жылы өтедім. Барлық сарбаздың басынан өтетін жағдай менің де басымнан өтті. Қазір сол күндердің естелігін суреттерден табамын» – дейді Марат Мәзімбаев.– Әскер – ер жігіттің өміріндегі ең маңызды әрі ұмытылмас кезең. Әскери өмірім 1984-1986 жылдары Сібірдің Забайкальский өлкесінде өтті. Сібірдің қысы ерекше қатты еді ғой. Алғашқыда жат жерді жерсініп, сіңісе алмай жүрдім. Тіпті Тайганың қақаған қысында аяғымды, мұрнымды, бетімді үсіріп алғанмын. Жас сарбаз болған соң алғашқы айларда таяқ жедік. Бірақ темірдей тәртіптің арқасында сүйегіміз қатайып, түрлі тактикаларды меңгердік. Таңның атысынан кештің батысына дейін осылай күніміз өтіп кетті. Әке-шеше, ағайын-туысты сағынсақ та, әскердің заңына бағындық. Елге оралған соң бүкіл туған-туыс үйге жиналып, кәдімгідей той жасағанбыз, – деді ол.