Алматыда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері 1 млн теңгеден алады
Алматыда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері 1 млн теңгеден алады
Аталған шешімді Алматы қаласы мәслихатының депутаттары қабылдады. Биыл Ұлы Жеңіске 76 жыл толады. Бүгінгі таңда мегаполисте ҰОС-ның 123 қатысушысы мен мүгедегі тұрады. 12 мыңнан астам адам – бұл еңбек майданының қатысушылары және бейбіт уақытта қайтыс болған ардагерлердің жұбайлары. Оларға 50 мың теңге көлемінде біржолғы төлем беріледі. Алайда бұл ардагерлерге көрсетілетін жалғыз көмек емес.   Мәселен, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының Жас депутаттар корпусының жетекшісі Әсия Ақанова қоғамдық денсаулық басқармасымен бірлесіп, «Фашизмнің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарының Алматы қалалық ұйымы» ҚБ басшысы Ирина Александровна Костинаның өтінішіне жауап беріп, қоғамдық бірлестіктің 25 қатысушысының үйіне медицина қызметкерлері барып ардагкрлердің денсаулығын медициналық тексеріс өткізгенін ұйымдастырды. Бақылау барысында дәрігерлер қан анализі, ЭКГ және т.б. сияқты тиісті медициналық процедураларды жүргізді. Сондай-ақ тегін дәрі-дәрмектерге тағайындаулар берілді. Алматыда тұрып жатқан фашизмнің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарының жасы 80-нен 96 жасқа дейін жетеді.  
«Бұл іс-шара - Ұлы Отан соғысы жылдарында ауыр азапқа ұшыраған жерлестерге деген құрмет. Кішкентай балалар фашистік Германияның сарбаздары мен офицерлерінің ата-аналарын, аға жолдастарын аяусыз азаптауының куәсі болды. Сонымен қатар бұл жастар арасында патриоттық тәрбиені дамыту және арттыру бойынша рухани-адамгершілік жұмыстың тетігі бола берсін», - деп атап өтті «Медицина» мамандығы бойынша PhD Әсия Ақанова.