Сот Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты
Сот Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты
100
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы тергеу органының өтінішін ішінара қанағаттандырды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сот шешімін оқыған судья Айбек Әбу экс-министрдің тағы бір ай үйқамақта болатынын мәлім етті. «Ауданаралық тергеу соты үйқамақ мерзімін 8 айға дейін – 2021 жылдың 14 маусымына дейін созу керек деп санайды. Сот тергеу органының Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 8 айға дейін ұзарту туралы өтінішін ішінара қанағаттаyдыру керек деген шешім шығарды. Е. Біртановқа медициналық мекемелерден басқа нысандарға үйден шығуға рұқсат бермеу туралы бөлігін қанағаттандырудан бас тартылды», - деді судья Айбек Әбу. Еске салсақ, кешегі өткен отырыста прокуратура өкілі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзартуды сұрады.