Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы тағайындалды. Бұл туралы мәлімет Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram-арнасында хабарланды. Қаныбек Жұмашев 1970 жылы 10 қазанда Маңғыстау облысы Ералиев ауданы Жетібай ауданында туған. Білімі: 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 2006 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолы: 1992-1993 жылдары - Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы "Қаражанбасмұнай" АҚ инженері. 1993-1995 жылдары - Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы политехникалық колледж мұғалімі. 1995-1997 жылдары Жаркент қаласында Қарулы күштер сапында қызмет етті. 1997-1998 жылдары - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №5 орта мектебінің мұғалімі. 1998-2000 жылдары - Маңғыстау облысының Білім беру басқармасының жетекші маманы. 2000-2004 жылдары - Маңғыстау облысының дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры. 2004-2005 жылдары - Маңғыстау облысы Білім беру басқармасы меңгерушісінің орынбасары. 2005 жылы - Маңғыстау облысы Білім беру департаменті директорының қызметін атқарушы. 2005 жылы - Маңғыстау облысы Білім беру департаменті директорының орынбасары. 2005-2006 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі. 2006-2007 жылдары - Маңғыстау облысы Білім беру департаментінің директоры. 2007-2010 жылдары - Маңғыстау облысы Білім беру басқармасының басшысы. 2010-2012 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары. 2012-2014 жылдары - Nur Otan партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2014-2015 жылдары - Nur Otan партиясы Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары. 2015 жылы - Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі. 2015-2019 жылдары - Nur Otan партиясының Xатшысы. 2019 жылы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2020-2021 жылдары - Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі.