Алматыда жеңіл жүрісті қыздарды тонаған 2 ер адам ұсталды
Алматыда жеңіл жүрісті қыздарды тонаған 2 ер адам ұсталды
92
оқылды
Алматыда екі ер адам жеңіл жүрісті қыздарды тонаған, - деп хабарлайды Polisia.kz. Олар бұрын тонау және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған 33 жастағы екі ер адам болып шықты. Қаскөйлер жеңіл жүрісті әйелдерге шабуыл жасау арқылы «қосымша ақша тапқан». Олар клиенттер ретінде үйде қабылдайтын қыздардың жарнамаларына телефон соғып, барған жерде тонап кеткен.
«Күдіктілер қыздарды ұрып-соғып, қорқытып, ақша, телефон, зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Мүмкін, қаскөйлер қыздар полицияға арыз жазудан қорқады деп ойлаған шығар. Жедел қызметкерлер бірнеше күннің ішінде күдіктілерді анықтап, оларды ұстады. Екі ер адам  синтетикалық есірткіні тұрақты қолданатын болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қала ішінде жасалған бес қылмыс дерегі анықталды. Ұсталғандардың екеуі де УҰИ-ға қамалды. Жәбірленушілер көп болуы мүмкін, сондықтан осы адамдардың қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: 254-47-01; 254-47-02 және 254-47-03», – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.