Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайды

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайды

Қазақстан Президенті Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайды, - деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

«Президенттің баспасөз қызметіне БАҚ өкілдерінен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысатын-қатыспайтынын сұраған сауалдар келіп түсіп жатыр. Ресей тарапынан парадқа шақыру келген жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде Мәскеуге сапар жоспарланбаған», - деп жазды Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында.