Оралда 15 жастағы қыз жоғалып кетті

Оралда 15 жастағы қыз жоғалып кетті

Орал қаласында жоғалып кеткен 15 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қарақат Арыстанғалиева 5 мамыр күні шамамен сағат 22.00-де үйінен шығып кеткеннен оралмаған. Белгілері: бойы 150-155 см, арықша келген, шашы сарғылт, ұзын. Үстіне күлгін түсті пальто, аяғына ұзын қызыл-қара түсті кроссовка киген. Қандай да болсын хабары бар адамдар Орал қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне қоңырау шала алады: 8(7112) 92-18-04, 92-18-42.