Әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды
Әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды
Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Джермалл Чарло (31-0, 22 KO) қазақстандық Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) тағы да жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен жеңіске жетуге құмармын және мен өзімді әлемдегі ең мықтылардың бірі санағым келеді. Мен үздіктермен жұдырықтасамын. Бұл ең қиын жетістік болды. Менің командам Головкин, Канело және Андраде сияқты 160 фунтта титулы бар жігіттермен сөйлесті. Головкинмен жекпе-жек пе? Иә, мен бұл жекпе-жекті қалаймын. Бұл - уақыт еншісінде. Мәселе, Головкинді Джермалл Чарломен бір рингке қалай шығаруда болып отыр», — деді америкалық боксшы PBC подкастында.
Головкин - орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.