Автобус парктері түгелдей жекеменшікке өтеді
Автобус парктері түгелдей жекеменшікке өтеді
116
оқылды

Қазақстанда 2025 жылға дейін жолаушылар тасымалымен айналысатын барлық авто­­­бус паркі жекешелендіріледі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тө­рағасы Серік Жұманғарин мәлім етті.

«Қазір мемлекет қатысатын автобустардың үлесі жоғары. Жұ­мыс істеп жатырмыз. Бәсе­ке­лес­тікті дамыту жөніндегі ұлт­тық жо­­бада 2025 жылға дейін мемлекет қатысатын бар­лық ав­тобус паркі жеке­ше­­лен­діріледі деп жоспарлап отыр­мыз», – деді Серік Жұ­ман­­­ғарин. Ол мемлекеттік және ква­зи­мемлекеттік парктер бол­май­тынын атап өтті. «Әрине, бұл бә­секелестіктің дамуымен бай­ла­нысты болады. Мүмкін ол ау­дан мен ауыл деңгейінде бол­мауы мүмкін. Әзірге бә­секе­лес­тік да­мымаған», – деді Жұман­ғарин. Сонымен қатар агенттік басшысы қазіргі уақыт­та көп­теген өңірде қо­ғамдық көлік­терге қаражаттың жетіс­пеуіне бай­­­­ланысты суб­сидия беріл­мей­тінін атап өтті. Бірақ оған автокөлік одағы­ның басшысы Сәбит Аманбаев өңір­лерде қаражат бар екенін айтты, тек басымдықтар дұрыс қойыл­маған. «Бұл туралы жиек­тер, плит­калар және т.б. қалай өз­ге­ретініне қарап айтуға бо­ла­ды, ал жолаушылар тасымалы на­­зардан тыс қалады», – деді ол.

А.ЕРСҰЛТАН