Тайыншадағы жол апатынан екі адам қаза тапты
Тайыншадағы жол апатынан екі адам қаза тапты

Солтүстік Қазақстан об­­лысы Тайынша қаласында екі көлік соқтығысып, екі адам қаза тауып, екеуі зардап шек­ті.

СҚО Полиция департамен­тінің мәліметінше, оқиға 5 мамыр күні сағат 13.05-те Тайынша қаласында болған. «Октябрьдің 50 жылдығы» және Киевский тұйық көшесінің қиылысында Аudi және Мitsubishi автокөліктері соқтығысып қалған. Соның салдарынан сол жерде Audi көлігінің 1987 жылы туған жолау­шысы мерт болды. Қалған жарақаттанған үш жолаушыны жедел жәрдем көлігі Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасына жеткізді. Медициналық мекемеде Audi көлігінің екінші жолаушысы – 1992 жылы туған әйел қайтыс болды. Бұл дерек «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп­-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тиісті сараптамалар жүр­­гізіледі.

Қ.САПАРБАЙ