Тағы да балық қырылды

Тағы да балық қырылды

Павлодар облысында балық жаппай қы­рылып жатыр. Қазіргі кезде өңірлік Эко­ло­гия департаментінің қызметкерлері тек­серу жүргізіп, су сынамасын алды.

– Аталған факт бойынша Экология және балық инспекциясы департаментінің қызметкерлері оқиға орнына барып, су сынамасын алып, тексеріп жатыр, – деді Павлодар облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары Дархан Исжанов. Бұған дейін әлеуметтік желіде Павлодар об­лысындағы көлде балықтың жаппай қырылғаны туралы материал жарияланған болатын. Ақтоғай ауданындағы Шығанақ көлінің жа­ғасында бейнеролик түсірген куәгердің ай­туынша, жаз бойы балық шаруашылығы инспек­циясы және учаскелік инспектор балық аулауға рұқсат бермеген. Хабарламада айтылғандай, Павлодар об­лы­сының Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының қызметкерлері балық шаруашылығы инспек­ция­сымен, вете­ринарлық қызметтермен және ғалымдармен бірге осы су қоймасына баруға уәде берді.  

А.ЖАСАНҰЛЫ