Президент бірқатар қабылдау өткізді
Президент бірқатар  қабылдау өткізді
96
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  сәрсенбі күні Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты, Бала құқық­та­ры жөніндегі уәкіл Аружан Саин­ды және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қа­был­дады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Е.Досаев Мемлекет басшы­сына биылғы 4 ай ішіндегі ақша-кредит саясатын жүзеге асырудың алдын алу қорытындылары, коро­навирус пандемиясының үшінші толқыны кезіндегі әлемдік эко­номиканың даму перспектива­лары, сондай-ақ әлемдегі инфля­ция­ның өсуі мен басқа да инфля­циялық мәселелер туралы есеп берді. Ал Аружан Саин Қасым-Жомарт Тоқаевқа балалар арасын­дағы мүгедектік деңгейін төмендетуге бағытталған мүмкіндігі шектеулі балалардың тұрмыс сапасын арт­тыру жөніндегі Жол картасының орындалуы жайында мәлімет берді. Бала құқықтары жөніндегі уә­кіл Президентке денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және білім беру жүйелеріндегі мекемелерде бала­лардың құқықтарын қорғауға бағыт­талған бірқатар ұсыныс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бала­лардың құқықтарын қорғаудың аса маңызды екенін, бала­лар­дың құқы­ғына қатысты заң­бұзушылықтарға алып келетін кез келген қиянатты іс-әрекеттердің жолы кесіліп, кінә­лілер жазалануы керек деп атап өтті. Ал «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев Президентке ұлттық компанияның жұмысы мен жүзеге асырылып жатқан жобалар жайын­да мәлімет берді. Н.Сауранбаевтың айтуынша, 2021 жылдың бірінші тоқсанында жүк айналымының көлемі пан­демияға қарамастан 53,4 миллиард тонна шақырымды құраған, бұл өт­кен жылғы осы кезеңнің дең­гейі­мен сәйкес келеді. Биылғы қаңтар-наурыз айларында «Қа­зақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісінде 60 миллион тоннадан астам жүк тиелді. Бұл былтырғы жыл­дың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 2 пайызға артық. Ел ішінде 40 миллион тоннадан астам жүк тасымалданды, аталған көр­сеткіш өткен жылмен салыстыр­ғанда 3 пайызға өскен.