Халықаралық турнир өтеді

Халықаралық турнир өтеді

7-9 мамыр күндері грек-рим күресінен қазақтан шық­қан тұң­ғыш Олимпиада чемпионы, Еңбек Ері Жақсылық Үш­­кемпіровті еске алуға ар­нал­­ған халықаралық турнир өтеді.

Аталған турнир елорда әкім­ді­гі­нің қолдауымен ұйымдастырылады. Нұр-Сұлтан қалалық  Денешынық­тыру және спорт басқармасының мә­­ліметінше, 2001-2003 жылы туған жа­сөспірімдер арасында өтетін тур­нир­де балуандар 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 97, 130 келі салмақ дәреже-сін­де белдеседі. Бұл турнирге Қазақстан, Ресей, Гру­зия, Украина, Тәжікстан, Қыр­ғыз Республикасы және Өзбекстан ел­дерінен 250-ден аса спортшы қа­­­тысады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль­дар­мен марапатталады. «Елдегі карантин талаптарына сәй­кес, халықаралық турнир жан­күйер­сіз өтеді. Көрермендер жа­рыс­­ты Qazsport арнасынан тіке-лей эфир­де тамашалай алады. Жарыс­тың сал­танатты ашылу рә­­сімі 7 ма­мыр кү­ні сағат 16.00-де бо­­лады», – дейді елор­дадағы Де­не­шы­нықтыру және спорт бас­қар­масы өкілдері.

Айбике ЖАНАСЫЛ