Атырауда соғыстың екі куәгері қалды
Атырауда соғыстың екі куәгері қалды

Атырауда Ұлы Отан соғысы ардагерлері, 100 жастағы ұшқыш Айдын Айбаров пен Закария Сұлтановқа 1 миллион теңгеден қаржылай сый­лық берілді.

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үй­лестіру және әлеуметтік бағдарламалар бас­қармасының мәліметі бойынша, атал­ған мереке қарсаңында барлығы екі мың­дай адамға қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, Атырау қаласында тұ­ра­тын Ұлы Отан соғысына қатысқан 2 адам­ға 1 000 000 теңгеден қаржылай көмек бе­рілді. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс ке­зінде фашистер мен олардың одақтастары құр­ған концлагерь тұтқыны санатына жа­татын бір адамға 1 000 000 теңге қолдау көр­сетілді. Жеңіске үлес қосқан тыл еңбеккерлері – 45 адам 100 000 теңгеден біржолғы ақша­лай көмек алды. Екінші дүниежүзілік со­ғыс жылдарында жұмыс істеген, алайда наградталмаған тыл еңбеккерлерінің тағы бір тобына, 1 874 адамға – 30 000 теңгеден қаржылай көмек берілді. Сонымен қатар Жұмыспен қамтуды үй­­­лестіру және әлеуметтік бағдарламалар бас­қармасы мұның сыртында облыста әлеу­меттік қорғалатын санатқа жататын 372 адамға 100 мың теңге көлемінде бір­жол­ғы әлеуметтік төлем берілгенін хабар­лады. Атап айтқанда, еліміздің «Ардагерлер ту­ралы» заңына сәйкес, Ұлы Отан және Ауған соғысы қатысушылары, Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар тәрізді тәжік-ауған (315 адам) аумағындағы соғыс қимылдарының, Ирак­тағы халықаралық бітімгершілік опе­рацияларға (5 адам), Таулы Қарабақтағы этно­­­­саралық қақтығысты реттеуге қатыс­қан (52 адам) адамдар да әлеуметтік қорға­ла­тын санаттар қатарына жатқызылды. Осы­ған орай оларға ай сайын коммуналдық шы­ғындарды өтеу және атаулы даталарда 100 000 теңге көлемінде біржолғы әлеу­мет­тік төлем беріледі.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы