Алтыншы сынып оқушысы мектепте оқ атып, үш адамды жарақаттады
Алтыншы сынып оқушысы мектепте оқ атып, үш адамды жарақаттады

АҚШ-та 6-сынып оқушысы мектепте оқ атып, екі оқушы мен бір қызметкерді жарақаттады. Бұл туралы Washington Post хабарлады.

Оқиға Айдахо штатындағы Рига қаласындағы орта мектепте болған. Полицияның хабарлауынша, мектеп оқушысы мылтықты өзімен бірге оқу орнына алып келіп, мектеп ішінде және одан тыс жерлерде бірнеше оқ атқан. Мұғалімдердің бірі қыздың қаруын алып, оны полиция келгенге дейін ұстап тұрған. Оқушылар көрші мектепке көшірілді. Жараланған екі оқушы ауруханаға жатқызылды, олардың біреуіне ота жасалуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, жараланғандардың жарақаты өміріне қатты қауіп төндірмейді. Мектеп қызметкеріне медициналық көмек көрсетіліп, емханадан шығарылды. Қазір полиция оқиғаның себептерін анықтап жатыр.