Фудшериң: артық ас ысырап болмасын

Фудшериң: артық ас ысырап болмасын

«Тойған соң тоқтының еті топырақ татиды» депті бұрынғылар. Бұл сөз адамзат болмысын көрсететін сыңайлы. Өйткені ал­дын­дағы асын жартылай ғана жеп, қалғанын қоқысқа тастай са­латын аза­маттар да, сақталу мерзімі бітті деп азық-түлікті күре­сінге лақ­тыратын супермаркеттер желісі, тамақтану орын­дары аз емес. Ал дамыған елдерде «фудшериң», «фудуейст» атауымен бел­гілі қадамдарды жасап, ысырапты азай­туға ұмтылып жатыр. Өйт­кені үстелге дейін жеткен тамақтың «сарапында» мол қаржы, адам еңбегі, энергия, табиғи ресурстар бар.

Қазақстанда азық-түлік са­ла­сындағы шығындар есептелмейді. Яғни, жылына қанша өнімнің тас­та­латыны жайлы ресми статистика жоқ. Қолда бар, әлемдік деректерді қа­нағат тұтудан өзге амал жоқ. Мә­се­лен, әлемде жылына азық-түлік өнім­дерінің үштен бірі қоқысқа ке­теді екен. Ал оның жартысы бұ­зыл­ғ­ан не сақталу мерзімі бітпеген, жеуге жарамды тамақ деседі. Қо­қысқа тамақ тастайтындардың де­ні жағдайы жақсылар екені бы­лай да белгілі. Яғни, қалталы бол­ған сайын бір тістеп лақтыру әдеті де сіңе беруі мүмкін. Мысалы, же­­­­лінбеген тамақтарды утили­за­ция­лаудан Америка көш бастап тұр. Одан кейінгі орында — Еуропа ел­дері. Жеуге жарамды тамақ қал­дығы Үндістан мен Африкада да өзек­ті екен. Бірақ ол жердегі мә­се­ле тойып секіруден бұрын сақ­тай­тын орын мен жағдайдың бол­мауы­на байланысты. Жалпы ал­ған­­да, дүниежүзінде шикізат пен дайын өнімнің 30-50 пайызы сө­ре­де тұрған жерінен тікелей қоқыс жәшігіне кетеді. Тамақ қалдықтары мен дайын өнім­ді күресінге тастаудың белгілі түр­лі себептері болатыны бар. Мә­се­лен, егістікте жиналмай қалған өнім­дерді алайық. Шаруа піскен қы­занақтарды жинап-теріп алады. Өнім­дерді түсі, түрі, үлкен-кіші­лі­гі­­не қарай сұрыптай келе, стан­дарт­қа сай келмейді дейтінінің бір бө­лігін үйдегі дастарқанға қойса қояр, қоймаса, барар жері – қо­қыс. Олай етпейін десе, дүкендер «ұсқынсыз» жеміс пен көкөністі алмай қоюы мүмкін. Бұл жерде ел арасында жиі тараған «тәтті алмаға ғана құрт түседі» дейтін сөз жүр­мейтіні тағы бар. Ал енді шаруа ірік­­теген өнімдер дүкенге жол тар­т­сын. Жолшыбай бұзылатын, әдемі түрін тасымалдау кезінде «жоғал­тып» алатындар болады. Одан да аман қалып, межелеген дүкен сө­ре­сіне жеткен күннің өзінде бәрі бір­дей сатылып кетпейді. Өтпей қал­ған тауардың ақыры мерзімі бі­тіп, қоқыс жәшігіне тасталады. Са­тып алушының көзі түсіп, дас­тар­ханнан орын алған «бақытты» өнім­нің де қоқыстан бір-ақ шығуы мүм­кін. Яғни, алынған зат үнемі соңы­на дейін пайдаланыла бер­мей­ді.

Фудшериң және фудуейст деген не?

Бұрын үлкендер тамақты тауы­сып жеуге көп үгіттейтін. Уақыт өте келе бұл сөздің астарында бар бол­ғаны ашаршылық кезіндегі тарт­қан азап жатыр деумен шек­те­ле бастадық. Ал негізі басты мәні тіп­ті тереңде жатса керек. Есіңізде бол­са, «Нан қиқымын шашпаңдар, жер­де жатса, баспаңдар. Теріп алып, қастерлеп, торғайларға тас­таң­дар» деген шумақтар мектеп бағ­дарламасында болған. Соның мә­ні бүгінгі фудуейст, фудшериң мә­селесімен ұштасады. Бұл не өзі? Ағыл­шын тіліндегі food – тамақ, waste – қалдық, sharе – бөлісу сөз­дері­нен құралған термин. Яғни, қо­қы­сқа тасталатын тамақтардың тағ­дырына алаңдау, оларды ысы­рап етпей, жарамды кезінде бө­лісу­ге үндейді. Тамақ қалдығы неліктен кө­бейіп кетті? Қарап отырсақ, қазір на­рық заманы. Сұранысқа қарай ға­на ұсыныс жасалады. Егер белгілі бір тауарға сұраныс болмаса, кә­сіп­кер оны соншалықты көп шы­ғар­мас еді. Демек, сатып алушылар та­мақты көп алатындықтан, өн­діру­шілер де, дүкеншілер де өндіріс пен сатылымды көбейтуге тыры­са­ды. Бұл жағы түсінікті. Дегенмен түл­кі заманның бір айласы мар­ке­то­лог­тардың сатып алушылардың қар­маққа түсіруіне де байланысты. Біз­де неғұрлым үлкен қаптама бол­ған сайын, тауар бағасы соғұрлым ар­зан. Яғни, өзіңіз жейтін норма 300 грамм болғанымен, 500 грам­дық қаптамасы екеуінің арасын­да­ғы айырма аз болады. Содан тұ­тынушының психологиясы мар­ке­тинг айласына арбалады. Сол сияқ­ты «біреуін алсаң, екіншісі те­гін» деген акциялар да сол іс­пет­тес. Ондайды жақсы мүмкіндік деп кө­ретіндіктен, екіншісін кейін же­мей қоюы мүмкін болса да ак­ция қатысушысына айналады. Мұн­дайда психологтар сатып алу­шылардың көбіне албырт­тық­пен алатынын айтады. Тамақ қалдықтары қалатын та­­ғы бір жер — тамақтану орын­дары. Мәселен, дәмханаларда де­серттердің 5-15 пайызы сатыл­май қалады. Ертең оны сатуға кел­мейді. Өйткені келушілер пеш­тен жаңа шыққан тәттілерді ғана ала­ды. Мұндайда кей тамақтану орын­дары кешке қарай бағасын ар­зандатып, жеңілдік жасайды. Де­генмен бәрі бірдей мұндай ак­ция жасамайды әрі көбіне тұрақты клиенттер ғана хабардар болады. Сон­дықтан қоқысқа ақыры жол тар­татын тауарды арзандатып са­тып жіберу қай жағынан болсын тиім­ді. Енді мұны кәсіп иелері ес­керсе, тіпті жақсы. [caption id="attachment_135076" align="alignnone" > © islam.kz[/caption] Ecology Consulting негізін қа­лау­шы, инженер-эколог Ботакөз Са­дыбекованың айтуынша, тамақ қал­дықтарын азайтуға белсенділер мен еріктілердің атсалысқаны жет­кіліксіз. Бұған мемлекет кірісуі ке­рек деген пікірде. «2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап тамақ қал­дық­тарын полигондарға көмуге тыйым салынды. Экологиялық ко­­­дексте тыйым болғанымен, ше­ші­мі жоқ. Яғни, кәсіпорындар не іс­теуі керек екені реттелмеген. Қал­дықтар сұрыптау кешендеріне кон­тейнерге тасталған күйі келеді. Ол жерде бөлгенін бөледі, қалғаны полигондарға жіберіледі. Ең со­ра­қысы үйдегі тұрмыстық, қатты қал­дықтардың ішінде тамақ көп шы­ғады екен. Меніңше, тамақ қал­дықтарын азайту мәселесіне та­мақтандыру орындарын да, су­пер­маркеттерді де мемлекет мін­деттеуі тиіс. Әйтпесе, қазір бізде же­келеген адамдардың бастамасы ре­тінде ғана қолға алынып отыр. Қа­рап отырсақ, мерзімі әлі біт­пе­ген тауарларды тарататын болса, оған мұқтаж қаншама адам бар. Ал мұн­дай қадам жай ғана бастама емес, мемлекет ұсынған шара тү­рін­де жүзеге асқаны дұрыс», – дей­ді Ботакөз Нұржанқызы.

Өзге елдер бұл мәселені қалай шешіп отыр?

Дамыған елдерде жақсы тен­ден­­ция бар. Ол тамақты тұтыну мә­­­дениетіне қатысты. Бізге де бұл тренд біртіндеп келіп жатыр. Ал­ды­мен шетелдегі тәжірибелерге тоқ­талсақ. Мысалы, Финляндияда мер­зімі бітуге таяған тауарлар тегін та­ратылады. Франция мен Ита­лия­да супермаркеттер азық-түлік­тер­ді қайырымдылыққа жіберуі ке­рек деген міндеттеме мемлекет та­рапынан жасалады. Сондай-ақ мер­зімі бітуге таяу қалған тауар­лар­ды жеңілдікпен сату тәжірибесі де кең таралған. Біле білсеңіз, әлем­­нің 15 елінен 75 мың серік­тес­тің басын біріктірген, 35 млн адам жүк­теп алған TooGoodToGo мо­байл қолданбасы бар. Мұнда мер­­зі­мі аяқталуға таяу тамақтарға өте жақ­сы жеңілдік жасайтын мейрам­ха­налар мен кафелердің базасы жи­нақталған. Сондай-ақ түрлі азық-түлік өнім­­дерінің өндірісіне қанша­лық­ты ресурс кеткені жайлы ақпарат бе­ретін Google Your plan деген қол­данба бар. Оның ішінде, бұдан бө­лек қалдықты қалай азайтуға бо­латыны жайлы пайдалы дерек­терді де табуға болады. Осылайша санаға әсер етеді. Ұлыбританиялық Kitche деген стартап тіпті қызық. Мо­байл қолданба арқылы сатып ал­ған азық-түліктердің жарам­ды­лық мерзімін бақылауға болады. Ал­ған тамақтарыңыз жайлы еске са­лып отырады. Ол аз болса, пай­даланып тастауға шақырып, оны қо­сып, қандай тамақ істеуге бола­тынына қатысты кеңес айтады. Дамыған елдердің денінде бір қап­­тамада төрт жұмыртқа болады екен. Аз болатын себебі – тұтыну­шы мөлшері сондай. Ал бізде кө­бі­не бір алғанда отыз данасын ала­­мыз. Ең аз қаптамада он жұ­мырт­қа болады. Неліктен көп дана ала­­ды? Өйткені құнын есептегенде, кө­бірек алған сайын бағасы ар­зан­дау шығады. Ал егер 4-5 жұмырт­қа­дан тұратын қаптама жасайтын бол­са, оған қосымша шығындар қо­сылып, бағасы қымбаттайды. Әрі айтарлықтай сұраныс болмаса, өндіруші ондай тәуекелеге аса бара бер­мейтіні белгілі.

Жақсы бастамалар бар, бірақ қолдау жоқ

Кезінде тамақ қалдықтарын азай­ту үшін қайырымдылық тоңа­зыт­қыштары қойылып, әлеуметтік желіде топтар ашылып, тамағын бө­лісетіндер топтасқан. Бірақ одан нә­тиже болмады. Қарапайым адам­дардың қолға алған жап-жақ­сы бастамасы аяқсыз қалды. Тіпті, осы­дан үш жыл бұрын Алматыдағы мей­рамханалардың бірінде же­лін­беген тамаққа айыппұл салуды үр­діс­ке айналдыруға шақырған. Де­сек те, мұндай тәртіптік шара­ның да ғұмыры ұзақ болмады. Өйт­кені таразының екінші ба­­сын­да сатып алушының құқығы тұр. Ақ­шасын төлеп алған тамақты не іс­тесе де, ерікті. Әдемі қалпы бұ­зыл­ған көкөністер мен жемістерді са­тып алуға шақырған бастаманы Алматыдағы супермаркет те қолға ал­ғаны есімізде. Маңдайшасына «Тү­рім онша емес болса да, дәмім тәт­ті» деген жазу жазып, дүкеннен ар­найы жер бөліп қойған. Бұл да — жақ­сы әдіс. Әсіресе, жастар тара­пы­нан қолдау тапқан. Қазір жұмыс істеп жатқан бір жобаға тоқталсақ. Фудуейст мәселесін шешу мақ­са­тын­да Назарбаев университетінің ABC Incubation бағдарламасының қол­дауымен ашылған Sarqyt жо­басы бар. Платформаның тұсауы ақ­панда кесілген. Яғни мерзімі бі­туге таяп қалған, жеуге жарамды та­мақтарды сатуға көмектеседі. Қа­лалық тамақтандыру орындары сол күні өтпей қалған тауарларын үл­кен жеңілдікпен сатады. Осы­лай­ша, фудуейст мәселесін ғана к­ө­теріп қоймай, тамақ тұтыну мә­дениетін де қалыптастыруды кө­з­деп отыр. «Наурызда телеграм-бот­ты іске қостық. 2600 оқырман бар, 400-ден астам тапсырыс жа­сал­ды. Ендігі жоспар – мамырда мо­байл қолданбаны іске қосу. Қазақстанның ірі мегаполистерін, өзге қалаларын да қамтысақ дей­міз. Кафе-наубайханалардан бө­лек, супермаркеттерді қосқымыз ке­леді. Біздің платформа арқылы тұ­тынушылар жеңілдікпен тамақ са­тып алады, ал серіктестер қоқыс­қа тастамай, сатып жіберуге мүм­кін­дік алады. Өйткені ол тамақтар біреудің жегеннен қалғаны емес, бар болғаны өтпей қалған. Егер жо­бамыз жақсы күш алып кетсе, бұл тамақтану орындарының бәсе­ке­сін де арттырар еді. Халық болса, жаңа піскен тамақты талап етуді үйренеді. Осылайша ысыраппен де кү­ресуге жол ашылады. Мемлекет та­мақтандыру орындарын, супер­мар­кеттерді бақылауда ұстауы ке­рек. Бұзылып кеткен тамақтар мүл­дем сатылмайтындай еткені дұ­рыс. Мысалы, десерттерді 36 са­ғат­тан артық сақтауға болмайды. Бірақ мұны кей жерлер ескермейді. Сондықтан белгілі бір аспектілерді реттеп, бақылауды күшейткен жөн», – дейді жоба авторларының бірі Бақдәулет Шакизада. Қазақы атауымен есте ерекше қалатын платформаның ғұмыры ұзақ бо­лып, біз айтып отырған мәселенің ше­шімін табуға көмектессе, игі. Жа­лынды жастардың идеясын мем­лекет қолдаса, тіпті құба-құп.

Жадыра АҚҚАЙЫР