Ерлікті ел бағалайды
Ерлікті ел бағалайды

Көзсіз ерлік, батырлық, өрлік жау­гер­­шілік пен соғыста ғана сом­дал­май­ды. Қоғамда болып жататын оқыс оқи­­ғалар кезінде өзгенің өмірі үшін өз ба­сын қатерге тігіп, ажал ау­зын­да­ғы адам­ды құтқарып қалу да қаһар­ман­дық. Мұндай азаматтар Жам­был об­лы­сының ішкі істер сала­сын­да аз емес.

2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қа­ла­сында болған террорлық актіні ешкім ұмы­та қойған жоқ. Қарашаның таңында  қа­ла тыныштығын қашырған лаңкес  Мақ­сат Каримовты тоқтатқан  жол полициясы же­ке батальоны 1-ші взводының ко­ман­дирі Ғазиз Байтасов өзгелердің қауіп­сіз­дігін өз өмірінен биік қойып, ерлікпен қаза тап­ты. Оқ пен отқа кеудесін тосқан батыр ұлы­мызға  Елбасының Жарлығымен «Ха­лық қаһарманы» атағы берілді. Мұндай көз­­сіз ерлік ішкі істер органы қыз­мет­кер­ле­рінің ғана емес, кейінгі ұрпақтың да жа­дында ұмытылмасы анық. Қарашадағы қан­ды оқиға кезінде Тараз қалалық Ішкі іс­тер басқармасы әкімшілік полиция бө­лімі қоғамдық тәртіпті сақтауды және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімшесінің инспекторы Самат Алашев те қылмыскерді құрықтауда танытқан ерлігі үшін ІІІ дә­ре­желі «Айбын» орденімен марапат­тал­ды. Иә, сөз жоқ,  бұлар бейбіт күннің батыр­лары. 1998 жылдың тамыз айы. Полиция аға лейтенанты Нұрғали Омаров өзіне бе­кітіл­ген аумаққа кешкі кезекшілік жүргізіп ке­­ле жатады. Бір сәтте №9 ықша­мау­да­нын­да орналасқан «Жібек жолы» ба­за­рын­да екі белгісіз азамат суық қарумен сау­да­гер­ді қорқытып, ұрып-соғып жатқанын бай­қап қалады. Омаров өзінің жалғыз еке­ніне қарамастан және өз өмірі мен денсаулығын екінші орынға қойып, бұ­за­қыларды тоқтатуға әрекет жасайды. Алай­да мас екі азамат оның ескертуін елемей, қар­сылық көрсетіп, бұзақының бірі по­ли­цей­дің ішіне және көкірек тұсына пышақ са­лып, ауыр жарақаттайды. Нұрғали пы­шақ тиген тұстан қан саулап, өзінің қан­сырағанына қарамастан, екі күдіктіні жі­бермей ұстап, қалалық Ішкі істер ба­с­қар­ма­сының кезекші бөліміне жеткізген соң есінен танып құлайды. Нұрғали Өл­ке­бай­ұлы осы ерлігі үшін Президент Жар­лы­ғы­мен ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наг­рад­талған. Бүгінде батырымыз полиция под­полковнигі шенінде зейнет жасына шы­ғып, құрметті еңбек демалысында. 2005 жылдың ақпан айында кезекші бө­лімге Тараз қаласының тұрғыны «ВАЗ-2109» маркалы автокөлігін бейтаныс адам­ның айдап әкеткені туралы арызданады. Же­дел қаладан сыртқа шығатын жолдарды бекіту туралы бұйрық келіп түскенде, Тараз–Алматы жолын қадағалайтын Талғат Жартыбаев өзінің қызмет көрсететін аумағына бақылауды күшейтеді. Ол Жам­был даңғылымен келе жатып қарсы ба­ғыт­тағы жолдан ұрланған автокөлік нөмірін байқап қалады. Жүргізушінің құжатын сұраған полицейді күдікті автомобильмен қа­ғып, қаша жөнеледі. Өзіне төнген қауіп­ті елеместен, Талғат көлікке жармаса кетіп, ал­дыңғы терезесін білегімен сындырып, қыл­мыскерді құрықтайды. Полиция капи­та­ны, ІІД Жол-патрульдік полиция бата­льо­ны кезекші бөлімінің аға инспекторы Тал­ғат Жартыбаев бұл ерлігі үшін Мем­ле­кет басшысының Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен наградталады. 2006 жылдың 30 қаңтарында Алматы–Таш­кент тасжолының бойымен Қырғыз Рес­публикасы Президентінің кортежі өте­ді. Көрші мемлекет басшысының кор­те­жін Жамбыл облысы аумағынан алып жү­ру полиция сержанты Қайсар Сам­бе­тов­ке жүктеледі. Ресми тұлғаларды өңір ше­карасынан шығарып салу сәтінде қа­ра­ма-қарсы бағытта келе жатқан «Вольво» ав­токөлігі бұрылу маневрін сәтсіз орын­дап, кортежбен бетпе-бет келеді. Осы сәт­те полиция сержанты көлігінің рулін бұ­рып, «Вольво» автокөлігінің соққысын өзі­не қабылдайды. Осы оқиғадан бір апта өт­кеннен кейін Қырғыз мемлекетінің өкі­лет­ті делегациясы жол полициясы қыз­мет­ке­ріне Қырғыз мемлекеті президентінің же­ке алғысын білдіреді. Ал қызметтік мін­детін мінсіз атқарудағы ерлігі үшін Қай­сар Самбетов Елбасының Жар­лы­ғы­мен «Ерлігі үшін» медалімен наградталады. 2014 жылдың 30 тамызы. «Ауыл-Бе­ре­ке» базарының ортасында тұрған қара түсті «Ау­ди-80» маркалы жеңіл автокөлігі отқа ора­нады. Жалынды алғаш байқаған учас­ке­лік полиция пунктіндегі қызмет ор­нын­да отырған Тараз қаласы ІІБ 2-ПБ жедел уә­­кілі полиция капитаны Ғалымжан Бо­ран­­ғазиев өрт сөндіргіш құрылғысын ала жү­гіріп, өртті сөндіруге кіріседі. Бір сәтте ав­то­көліктің есігін ашқан ол жан­түр­ші­гер­лік көріністің куәсі болады. Автокөлік са­лоны бірнеше газ баллонымен және жа­нармаймен толтырылған канистрлерге тол­тырылған екен. Полиция капитаны Бо­ранғазиев газ баллондарының кей­бірі­нің жарылып жатқанына қарамастан, жан­кештілік танытып, өртті дер кезінде сөн­діреді. Осылайша, жақын маңда ор­на­ласқан 4 000 кәсіпкер мен 1 500-ден аса тұтынушының өміріне төнген қауіптің бе­­тін қайтарады. Кейіннен белгілі бір топ­тар тәртіпсіздік ұйымдастырып, «Ауыл-Бе­реке» базарына орасан шығын келтіріп, қаланы дүрліктіруді мұқият жоспарлағаны бел­гілі болды. Алайда полиция капи­та­нының ерлігінің арқасында бұл жымысқы ойлары жүзеге аспай қалды. Өзінің қыз­меттік міндеттерін адал атқарып, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету бары­сында танытқан батылдығы мен ерлігі үшін Ғалымжан Боранғазиев Президент Жар­лығымен «Ерлігі үшін» медалімен наг­радталды. Біз баян еткен бұл азаматтар ерлігімен та­нылған құқық қызметкерлерінің бір­қа­тары ғана. Бұдан бөлек, ел тыныштығы жо­лында қаһармандық танытқан тәртіп сақ­шылары аз емес. Әрқайсысының жан­кештілік оқиғалары мен батырлығы кейін­гі ұрпаққа үлгі-өнеге. Міне, осы бейбіт күн­­нің батырларын біліп, құрметтеуге мін­­деттіміз. Өйткені нағыз ерлік, қаһар­ман­­дық, батырлық – мыңның бірінің бойын­­да ғана болатын қасиет.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы