Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов вакциналау мерзімі туралы жаңа қаулыға қол қойды.
Tengrinews.kz хабарлауынша, құжатта қазақстандықтарға вакцина 45 күн аралықта екі кезеңде салынатыны жазылған.Бұған дейін Қазақстанда "Спутник V" екінші компонентін егу мерзімі ұзартылған еді. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, екі дозаның арасы 45 күнге дейін ұзартылды (бұрын 21 күн болған), ал жалпы "Спутник V" екінші компонентін 90 күн ішінде салдыруға рұқсат берілді."Вакцинация екі кезеңмен жүргізіледі: 0,5 миллилитр дозада I компонентпен, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде 45 күннен кейін - 0,5 миллилитр дозада II компонентпен; бұл ретте кей жағдайларда азаматтың өтініші бойынша 21 күннен 90 күн кезеңінде "Гам-КОВИД-Вак" вакцинасымен ІІ компонентпен вакцина салдыруға болады", - делінген қаулыда.