Қарағандыда «Жауынгер» ән сайысы өтті
Қарағандыда «Жауынгер» ән сайысы өтті
229
оқылды

Nur Otan партиясы Jas Otan жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр - Ұлы Отан соғысының жеңісіне арналған «Жауынгер» облыстық әскери-патриоттық әндер сайысын өткізді.

Сайысты Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және Jas Otan жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалы ұйымдастырды. Nur Otan партиясы Jas Otan жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасындағы басым бағыттарының бірі азаматтық белсенділік және тұлғалық даму, бос уақытты тиімді өткізу, яғни, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру. [caption id="attachment_135148" align="aligncenter" width="1200"]Қарағанды, ән сайыс Фото: Әдебиет Жұманов[/caption] Қарағанды облысында жыл сайынғы әскери-патриоттық әндер сайысы 2004 жылдан бері дәстүрлі өткізіліп келеді. Сайыс жыл сайын Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылады. Ән байқауы бірнеше жылдар бойы әскери-патриоттық әндерді орындаушылар мен тыңдаушыларды жинайды және облыс тұрғындарының арасында танымал. Ол биыл карантинге байланысты онлайн өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастарды қазақстандық патриотизм сарынында тәрбиелеу, батырларымыздың ерлігі мен жауынгерлік дәстүрін, әскери мамандықты насихаттау, әскери қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін ашу. Шара аясында шығармашылық ұжымдар мен қатысушылар әскери тақырыптағы әндерді орындады. Жалпы сайысқа 10 үміткер қатысты. Оның 5-еуі әділқазылардың шешімімен финалға өтті. [caption id="attachment_135146" align="aligncenter" width="1200"]Қарағанды, ән сайыс Фото: Әдебиет Жұманов[/caption] Бас жүлдені Диас Садывахас қанжығаласа, 1-орын Азамат Тұрдықұлға, 2-орын Манзура Ахановаға, 3-орын Олжас Сұрағановқа бұйырды. Азамат Уалиевке алғыс хат  берілді. Жеңімпаздар дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. [caption id="attachment_135147" align="aligncenter" width="1200"]Қарағанды, ән сайыс Фото: Әдебиет Жұманов[/caption]

Әдебиет ЖҰМАНОВ.