Оралда жоғалған жасөспірім табылды
Оралда жоғалған жасөспірім табылды
111
оқылды

Оралда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз аман-есен табылды.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  жасөспірім бүгін түнгі сағат 01.00 шамасында құрбысының үйінен табылған.

«15 жастағы қызды Орал қаласы Полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы тапты. Қазір жасөспірім өзінің үйінде. Оның жеке басына қатысты болғандықтан, қалған мәлімет таратылмайды» деп хабарлады ведомство.

Еске салсақ, 5 мамыр күні сағат 22.00-де Қарақат Арыстанғалиева үйінен шығып кетіп, оралмаған.