Шуша қаласы Әзербайжанның мәдени астанасы болып жарияланды
Шуша қаласы Әзербайжанның мәдени астанасы болып жарияланды
229
оқылды

 ӘЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, бүгін, 7 мамыр күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Шушаны мәдени астана деп жариялау туралы арнайы қаулыға қол қойды.

«Шушаның әзербайжан халқы үшін тарихи-мәдени және рухани маңызы зор, сондықтан қалаға ерекше қамқорлық керек. Осы ретте Шушадағы мемлекеттік және құқықтық реттеуді әрі қарай жетілдіре түсу шаһардағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіріп, сақтау ғана емес, оны әрі қарай дамытуға жағдай жасайды» делінген қаулыда.

Шуша – Әзербайжанның қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөл атқаратын тарихи-мәдени орталықтардың бірі болған. 1977 жылы Шушаның тарихи бөлігі тарихи-архитектуралық қорық деп жарияланған. Нәтижесінде, қаладағы тарихи ескерткіштерді қорғау мен мәдениет және өнер қайраткерлерінің есімін есте сақтау мақсатында маңызды қадамдар жасалды. Алайда бұл қала 1992 жылғы 8 мамырдан 2020 жылғы 8 қарашаға дейін Армения қарамағында болған екен.