Иманбек ұлыбританиялық әншімен жаңа трек шығарды
Иманбек ұлыбританиялық әншімен жаңа трек шығарды
121
оқылды

"Гремми" сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов пен ұлыбританиялық әнші Cher Lloyd Baddest атты жаңа трек жазды.

Бұл туралы диджей Instagram-дағы парақшасында жазды. Тректі барлық музыкалық платформадан тыңдауға болады екен. Ән Leck деп аталады. Трек 30 сәуірге қараған түні шыққан.
Cher Lloyd - әнші, актриса әрі модель. Ол Ұлыбританиядағы The X Factor таланттар шоуының жетінші маусымына қатысып, танымалдыққа ие болған. Жобада төртінші орынды иеленген.
Бұған дейін Иманбек Моргенштерн және Fetty Wap-пен трек жазған болатын.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=HDxFXYSFViU&t=2s[/embed]