9 мамыр күні Нұр-Сұлтанда автобус жүрмейді

9 мамыр күні Нұр-Сұлтанда автобус жүрмейді

Бұл жайында қалалық Полиция департаменті мәлімет таратты.

«Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы жексенбі күні, яғни, 9 мамырда бір күнге тоқтатылып, дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі» делінген департамент хабарламасында.

Қалған мереке күндері, яғни, 7, 8 және 10 мамырда елордалық қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді.⠀ Жолаушылар маска тағып жүруге міндетті, автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды.⠀ Жолақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.