Тұрғындардың өтінішін орындап, жолды жөндеп жатыр
Тұрғындардың өтінішін орындап, жолды жөндеп жатыр
"Nur Otan"  партиясы  Сарыағаш аудандық  филиалының  қоғамдық қабылдауына Ақжар ауылдық округі  Ақжар ауылының төбе биі А.Бертінбай бастаған бір топ тұрғын Ақжар - Жылға және Ақжар - Дарбаза бағытындағы жолдардың тозығы жеткенін айтып, қалпына келтіруге көмек сұрап келген болатын. "Nur Otan" партиясы  Сарыағаш  аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев  мәселені шешу мақсатында ауыл тұрғындарының жазбаша өтінішін тиісті  мекеме басшыларына жолдады.  Осыдан кейін  «Құтты мекен» ұлттық жобасы мен «Ауыл –  ел бесігі» бағдарламасы аясында Сарыағаш аудандық “Nur Otan” партиясының ұйымдастыруымен Ақжар - Жылға және Ақжар - Дарбаза бағыттары бойынша 37 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталды.  width= Ақжар - Жылға және Ақжар - Дарбаза бағытындағы жолмен көбіне  ауылдағы мал, егін шаруашылығымен және мал бордақылаумен айналысатын кәсіпкерлер жүреді. Аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Нұрдаулет Тасбалтаұлы мен Шермат Бегматұлы өз қаражаттары есебінен жолдарға күрделі жөндеу жұмыстарын  жүргізіп жатыр.