Түркістан облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Жаңа қаулыға сәйкес, діни нысандардың (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметіне ұжымдық Құдайға құлшылық ету және бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде «жұма», «тарауих», «айт» намаздарын санитарлық талаптарды сақтай отырып оқуға рұқсат берілді. Маска режимі сақталуы тиіс. Арақашықтық бір адамға кемінде 4 шаршы метр болуы керек. Мешіттер, православ шіркеулері және басқа да діни нысандар аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намаз», күнделікті православ дұғалары және басқа) ашық ауада өткізе алады.