Елордада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр. Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Бүгін грек-рим күресінен тұңғыш қазақ олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровке арналған халықаралық турнир басталды», – деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.Турнирде 2001-2003 жылы туған жасөспірімдер 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 97, 130 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынайды. Байрақты бәсекеге Қазақстан, Ресей, Грузия, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 250-ден аса спортшы қатысады. Жарысты Qazsport арнасынан тікелей эфирден көруге болады.