"9-қабаттан құлаған": министрлік Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваға қатысты түсініктеме берді
"9-қабаттан құлаған": министрлік Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваға қатысты түсініктеме берді
114
оқылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Тбилисиде көз жұмған 26 жастағы Әсел Айтпаева туралы мәлімет берді.
"Грузияның құқық қорғау органдарының біздің елшілікке берген ақпараты бойынша, 2021 жылғы 5 мамырда Тбилиси қаласындағы үйлердің бірінің терезесінен құлап кеткен Қазақстан азаматшасының денесі табылды", – деп хабарлады СІМ.
Болжам бойынша, қыз 9-қабаттан құлап, қаза тапқан. Грузия полициясы өз-өзіне қол жұмсауға жеткізді деген күдікпен қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды. Өзге ақпарат әзірге жария етілмейді.
"Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің консулы марқұмның отбасымен тұрақты байланыста. Бұл іс елшіліктің ерекше бақылауына алынды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматшасының мәйітін Отанына жеткізуді ұйымдастыруға барынша көмек көрсетуде", – деді министрліктен.
Бұған дейін 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаева Грузияда белгісіз жағдайда көз жұмғанын жазған болатынбыз.