Атырау облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін бірқатар шектеу шаралары енгізілген. 65 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға, барлық тұрғынға көпшілік жиналуы мүмкін орындарға бармауға кеңес берілді. Көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда ойын-сауық объектілері, банкет залдары, жабық үй-жайдағы балалар ойын-сауық орталықтары мен аттракциондары, ойын алаңдары, кальян, бильярд, боулинг, букмекерлік кеңсе қызметіне тыйым салынған. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 50%-і қашықтан жұмыс істеуге ауысуы қажет. CОVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Жиналыс, семинар, конференцияларды оффлайн режимде өткізуге болмайды. ХҚКО 9.00-ден 18.00-ге дейін ашық болады. Карантин шараларын сақтау үшін ХҚКО-ға және мамандандырылған ХҚКО-ға алдын ала Egov.kz, EgovKZBot 2.0 телеграмм-ботпен брондау қажет. Жаңа қаулы 10 мамырда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Толығырақ мына жерден оқи аласыз.