Қазақстанда Түркістаннан Бішкекке тұрақты рейс ашылды
Қазақстанда Түркістаннан Бішкекке тұрақты рейс ашылды
132
оқылды

31 мамырдан бастап Түркістан қаласынан Бішкекке тұрақты рейс қатынайды. FlyArystan лоукостерінің жолаушы ұшағы аптасына екі рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшады.

"Манас" халықаралық әуежайының" хабарлауынша, Түркістан арқылы Қазақстанның басты қалалары — Алматы және Нұр-Сұлтанға ұшуға болады. Ұшу ұзақтығы — 1 сағат 15 минут. Айта кетейік, Бішкектен Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына тікелей рейстер бар. Түркістан — Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы, Шымкент қаласынан 160 шақырым жерде орналасқан. Еске салсақ, FlyArystan ұшағының Алматыға шұғыл қонғаны туралы хабарлаған едік.