Тұмсығынан қан аққан: Алматыда кептерлер жаппай қырылып жатыр
Тұмсығынан қан аққан: Алматыда кептерлер жаппай қырылып жатыр
Алматы тұрғындарын көшеде шашылып жатқан құстардың өлексесі шошытты. Кептерлердің жаппай қырылуына не себеп болғаны белгісіз, - деп хабарлайды КТК арнасы. Арықтар да көгершіндердің өлексесіне толып қалған. Тіпті балалар ойын алаңында да шашылып жатыр. Бәрінің де тұмсығынан қан аралас көбік аққан. Тұрғындар құстарға әлдебіреулердің қасақана у бергеніне сенімді. Себебі, бірер күн бұрын кептерлерге бола өзара жанжалдасып қалған. Біреуі маңайды ластады деп, кеміргіштерге қарсы дәрімен көзін құртқысы келсе, басқалары үзілді-кесілді қарсы шыққан. Қалай болғанда да көгершіндердің не себепті қырылғаны белгісіз. Удан сескенген жұрт енді санитар дәрігерлерден дереу сынама алуды сұрап отыр.
"Құстарды әдейі улаған. Тышқанға қарсы дәрі шашқан. Бұл кісі қолынан жем алып үйренген көгершіндер. Ешкімге зияны жоқ еді. Бұл арада бала ойнайды. Олар да уланып қалуы мүмкін. Полицияға шағымдандым. Бірақ олар арызымды қабылдамады", — дейді Анастасия Мигунова.
Еске салсақ, Қытайда сайыстың жаңа түрі пайда болғаны туралы хабарлаған едік.