Түркияда киімсіз фотосессия жасаған украиналық қыздар ұсталды
Түркияда киімсіз фотосессия жасаған украиналық қыздар ұсталды
567
оқылды
Түркияда бірнеше бойжеткен кемеде киімсіз суретке түскені үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Lenta.ru басылымы. Аталған басылым мәліметінше, оларды басқа яхтада тұрған азаматтар суретке түсіріп алған. Артынша ол суреттер БАҚ-та жарияланып, полицейлер украиналық қыздарды ұстады. Фотосессия қатысушыларының бірі полицейлердің күні бойы жауап алғанын, кейін босатқанын айтты.
"Түркия сияқты мұсылман елдерінде тыржалаңаш суретке түспегеніңіз абзал. Тіпті болмаса геолокацияны белгілемеуге тырысыңыз", — деп кеңес берді қыздардың бірі.
Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде бірнеше қыздың Дубай Марина (БАӘ) ауданындағы ғимараттың балконында жалаңаш тұрған видеосы тарады.