Ғарышқа ұшуға алғашқы билет сатылып жатыр
Ғарышқа ұшуға алғашқы билет сатылып жатыр
АҚШ-та ғарышқа ұшуға алғашқы билет сатылымға шықты. Билет біреу ғана болғандықтан, сапарға аттануға әлемнің «мен» деген миллиардерлері таласып жатыр. Дәулетті азаматтар қызыға қатысып жатқан аукционды әйгілі миллиардер Джефф Безос өткізуде. Оған тиесілі компания жолаушыларға арналған алғашқы ғарыш кемесін жасап шығарды. Аталған кемеде экипаждан бөлек, тек бір жолаушыға арналған орын бар. Билет құны аукционда 200 мың доллардан басталады. Еске салсақ, жуырда Англияда ғарышта болып келген қызыл шарап саудаға салынды. Бөтелке халықаралық ғарыш айлағында 14 ай бойы сақталған. Ғарышқа шықпай тұрып шарап құны 10 мың доллардай болған.