Қызылорда облысы Сырдария ауданында бесінші сынып оқушысы каналға батып кетті, - деп хабарлайды inform.kz. Оқиға Сырдария ауданы Амангелді ауылында болды.
« 5-сыныпта оқитын ер бала Жетікөл каналына батып кеткен. Ауыл тұрғындарының көмегімен баланың денесі судан шығарылды», - деп мәлім етті облыстық Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.