Қазақстандық боксшы Конелоны кім жеңетінін айтты
Қазақстандық боксшы Конелоны кім жеңетінін айтты
168
оқылды
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) мексикалық Сауль Альварес пен ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz Жәнібек Твиттер-парақшасында алдағы кездесуде кім жеңетінін айтты. «Канело ма, Сондерс па? Канело жеңеді деп ойлаймын. Оған жеңіс тілеймін. Оны біреу-міреу жеңгенін қаламаймын. Оны құлататын жалғыз боксшы болғым келеді. Оны жақында істеймін», — деді Әлімханұлы. Альварес пен Сондерс жекпе-жегі 9 мамырда таңертеңгісін америкалық Техас штаты, Арлингтондағы AT&T Stadium аренасында өтеді. Боксшылар WBC, WBO және WBA титулдарын сарапқа салады.