Теміртауда балалардың төбелесі әкенің оқ атуымен аяқталды
Теміртауда балалардың төбелесі әкенің оқ атуымен аяқталды
169
оқылды
8 мамыр күні кешкі уақытта Теміртау қаласында кәмелетке толмаған екі бала төбелесіп, оларды ажыратуға әкелері шықты, деп хабарлады eKaraganda. Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде 43 жастағы әкенің қарсыласын бетінен ұрып жібергені белгілі болды. Оның бұл әрекетіне ашуланған 32 жастағы ер адам үйінен қару әкеліп, аспанға екі рет оқ атқан. Оқтан ешкім зиян шеккен жоқ. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
"Қашқынды ұстау үшін облыстық ішкі істер органдарының жеке құрамы жұмылдырылды. Тергеу жүріп жатыр", — деп хабарлады Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.