Қалыңдық көбейту кестесін білмеген жігітке тұрмысқа шығудан бас тартты
Қалыңдық көбейту кестесін білмеген жігітке тұрмысқа шығудан бас тартты

Үндістанда қалыңдық көбейту кестесін білмеген сүйіктісіне тұрмысқа шығудан бас тартты, деп хабарлайды lenta.ru басылымы.

Той 1 мамыр күні Уттар-Прадеште өтуі керек еді. Сүйіктісінің білімді екеніне күмән келтірген қыз одан 1-ден бастап 9-ға дейін сандарды екіге көбейтіп шығуды сұрайды. Жігіті мұны жасай алмаған соң, ол отбасын құрудан бас тартады.
«Күйеу жігіттің отбасы оның білімсіз екенін жасырып келген. Ол тіпті мектепке бармаған болуы мүмкін», — деді қыздың немере ағасы.
Сондай-ақ, қалыңдықтың туысы оның бұл әрекетін мақтан тұтқанын жасырмады. Екі отбасы осы шешімнен кейін үйлену той қарсаңында жасалған сыйлықтар мен зергерлік бұйымдарды бір-біріне қайтаруға келісті.