Елордадағы аттракционда қыз бала тұншығып қала жаздады
Елордадағы аттракционда қыз бала тұншығып қала жаздады
147
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны астанадағы бақтардың бірінде орнатылған қауіпті аттракционға шағымданды. Айтуынша, қызы тұншығып қала жаздаған.

Жазбасын «Астана, хочу похвалить, пожаловаться» Facebook тобында жариялады.
"Бақтарымыздағы аттракциондарды кім бақылап отырады? Балаларға арналған 700 теңгелік қақпан қоймас бұрын. Өте қауіпті нәрсе, мына ленталардың ішінде адасуға болады. Менің баламмен сондай жағдай болды. Ата-аналар балаларыңызды сақтаңыздар", — деп жазды Елена Лукина.
Әйел жазбасын суреттермен толықтырды. Суреттердің бірінде өзі сөз еткен аттракцион бар — "Лента лабиринт". Ал екінші суреттегі зиян шеккен қыз бала болуы мүмкін. Еске салсақ, жуырда Оралда 8 бала саябақта аттракцион істен шығып, жарақат алды.