Нұр-Сұлтанда пәтер төбесі опырылып түсті: әйел компьютер алдында отырған
Нұр-Сұлтанда пәтер төбесі опырылып түсті: әйел компьютер алдында отырған

Елордадағы тұрғын үйдің бірінің пәтерінде төбе сылағы опырылып түсті. Осы сәтте түсірілген суреттерді сол пәтердің тұрғындары бөлісті.

Оқыс жағдай Lighthouse тұрғын үй кешеніндегі пәтерде болған. Суреттерден төбе сылағының түсіп, бөлме ішіне шашылғанын көруге болады. Аталған суреттер әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Жазба авторының мәліметінше, оқыс жағдай болғанда тұрғындардың бірі пәтер ішінде болған.
"Анам компьютер алдында отырған, егер ол анамның басына құлағанда, өте қайғылы жағдай болуы мүмкін еді", — делінген хабарламада.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Астана | Нур-Султан (@eto_astana_detka)

Тұрғындар пәтерінде мұндай жағдайдың жиі болатынын айтады. 2020 жылдың наурыз айында басқа бөлмеде де төбе сылағы опырылып түскен. Lighthouse тұрғын үй кешенін BI Group компаниясы салған. Алайда астаналықтардың пәтерінде нақты кім жөндеу жүргізгені әзірге белгісіз.