Оралда жасөспірім қыз бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды "Мой город" порталы. Төтенше жағдай 9 мамыр сағат 4.20-да "Құрылысшы" шағынауданында болды. БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2004 жылғы қыз бесінші қабаттың терезесінен кіреберістің маңдайшасына құлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз жасөспірім қыз жабық бас-ми жарақатын алған. Сондай-ақ іші, кеуде тұсына зақым келіп, қабырғалары мен жіліншігі сынған. Мас күйінде болған қыз облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.