Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды
Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды
143
оқылды
3 - 07 мамыр аралығында Беларусьтің Гомель қаласында жеңіс күніне арналған дәстүрлі халықаралық турнир аяқталды деп жазады Olympic.kz. Аталған бәсекеде Қазақстан командасының өкілдері де бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша 52 келідегі Дамир Әбдіқадыр алтын жүлдегер атанды. 69 келідегі Дархан Дүйсебай екінші орын иеленсе, 63 келідегі Ерсұлтан Болат үздік үштікті қорытындылады. Сонымен қатар, бокстан Қазақстан әйелдер командасы алдағы Азия чемпионатына дайындалу мақсатында кезекті оқу-жаттығу жиындарына кірісті. Биылғы Азия біріншілігі 21 мамыр мен 1 маусым аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында ұйымдастырылады.