Алматыда қойма өртенді
Алматыда қойма өртенді
Алматыда бір қабатты қойма өртенді. Қалалық ТЖД мәліметінше, 9 мамыр күні сағат 18:33 кезінде құтқару қызметіне хабар келіп түскен. Өрт сөндірушілер сағат 18:41 шамасында оқиға орнына келіп жеткенде бір қабатты ғимарат өртеніп жатты. Тез арада іске кіріскен құтқарушылар 25 литрлік 1 газ баллонын қоймадан алып шықты.
«Өрт сөндіретін автопойыздың көмегімен қызыл жалынның жайылуына жол берілмеді. Тілсіз жау 46 минутта ауыздықталды. Қабылданған шаралардың арқасында қойманың басым бөлігі өртенбей, аман қалды», – делінген ТЖД хабарламасында.
Жалынды сөндіруге жеке құрамнан 54 адам және 21 техника жұмылдырылған. https://www.youtube.com/watch?v=J5Ap4BdwWc0&feature=emb_title