Павлодарда тұрғын үй өртеніп, төрт адамның денесі табылды
Павлодарда тұрғын үй өртеніп, төрт адамның денесі табылды
5,115
оқылды
Павлодарда болған өрттен 4 адам көз жұмды. « 9 мамырда сағат 21:02-де Павлодар қаласы Камзин көшесінен өрт шыққаны туралы хабар түскен. Белгілі болғанындай, 10 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шығып, жалын 56 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт 21 сағат 30 минутта оқшауланды. Өрт болған жерді тексеру барысында 4 адамның денесі табылды. Пәтерден 1 әйелдің күйік шалған денесі, есік алдында газ иісінен уланып жатқан тағы бір ер адам мен нәрестесі бар әйел адам табылды. Оқиға орнында 28 адам мен 8 техника жұмыс істеп жатыр»,– деп хабарлады Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. [caption id="attachment_135617" align="alignnone" width="461"] width= Фото: Zakon.kz[/caption] Департаменттің мәліметінше, мәйіттердің жеке басы анықталып жатыр.