Телефонын жөндетуге барған тұрғын кассирден таяқ жеді – видео
Телефонын жөндетуге барған тұрғын кассирден таяқ жеді – видео
123
оқылды
Ақтауда кассир сатып алушыға шабуыл жасады. Камилла есімді қыз Lada.kz-ке мән-жайды баяндап берді. Оның айтуынша, 6 мамырда ол ұялы телефонын 26 шағынаудандағы салондардың біріне жөндетуге барған. Телефонын қалдырып кету керек екенін айтқан. Сол күні ол қайтып барып, 15 мың теңге төлеген. 7 мамыр күні таңертең телефоны жұмыс істемей қалады. Салонға қоңырау шалғанда оған сағат 11.00-ден келу керек екенін айтқан. Барғасын кассир тағы жарты сағат күту керек екенін айтыпты.
– Маған тіпті талап еткен фискалды чек берілмеді. Сапалы жөндеу ғана керек болды. Кассир бастапқыда өзін өте дөрекі ұстады және жөндеу үшін ешқандай чек бермейтінін айтты. Жөндеу жұмыстарымен айналысқан шебер әріптестеріне қоңырау шала бастады, кейін орнынан тұрып, тағы 6000 теңге төлейтінімді айтты. Бұл 50 пайыздық жеңілдік екенін атап өтті. Бұл мені қатты ашуландырды", – дейді Камилла.
Бойжеткен қызметкерлерден ЖК немесе ЖШС деректемелерін ұсынуды сұраған, өйткені ол бұл әрекеттерді алаяқтық деп санайды. Салон қызметкерлері бұл өтінішті елемеген. Ақшасын қайтармаған. Қыздың айтуынша, кассир оны қорлап, телефонын сындыруға тырысқан. https://www.youtube.com/watch?v=aVC0HyCpL0Y&t=35s&ab_channel=LADAKZ%D0%A0%D0%B5%D0%B7%D0%B5%D1%80%D0%B2