Ғарышқа ұшуға алғашқы билет саудаға түсті
Ғарышқа ұшуға алғашқы билет саудаға түсті
141
оқылды
АҚШ-та ғарышқа ұшуға алғашқы билет саудаға түсті. Алыс сапарға аттануға әлемнің «мен» деген миллиардерлері таласып жатыр. Өйткені билет саны біреу ғана, – деп хабарлайды Ktk.kz. Аукционды әйгілі миллиардер Джефф Безос өткізіп жатыр. Оған тиесілі компания жолаушыларға арналған алғашқы ғарыш кемесін жасап шығарған. Онда экипаждан бөлек, тек бір жолаушыға арналған орын бар. Енді сол жалғыз билетке әлемнің байлары таласады. Аукционда билет құны 200 мың доллардан басталады.