Билл Гейтс әйелімен не үшін ажырасқаны белгілі болды
Билл Гейтс әйелімен не үшін ажырасқаны белгілі болды
155
оқылды

Мелинда Гейтс Microsoft компаниясының негізін қалаған Билл Гейтспен ажырасуға 2019 жылы бел буған.

Бұл туралы The Wall Street Journal газеті жазды. Гейтстің әйелі екі жыл бұрын адвокаттармен ажырасу мәселесін талқылап, бірден бірнеше заң фирмаларына жүгінген екен. Ерлі-зайыптылар ажырасу себебін көрсетпеген. Бірақ дереккөздер әйел күйеуінің кәмелетке толмағандарды сатуға және жыныстық қанау бойынша айыпталған Джеффри Эпштейнмен байланысына алаңдағанын айтып отыр. Бұған дейін  Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда ажырасу туралы шешім қабылдағаны туралы хабарланған болатын. 27 жыл некеде олар үш бала өсіріп, бүкіл әлемде жұмыс істейтін қайырымдылық қорын құрғанын айтты. Ерлі-зайыптылар 1987 жылы Мелинда Microsoft корпорациясына жұмысқа келген кезде кездескен. 1994 жылы Гавайиде үйленген. Гейтс әлемдегі ең бай 4 адамның бірі, отбасының байлығы 130 миллиард долларға бағаланады.